ДЕЙІН /25/

lat: DEIİN /25/

шыл. Барыс жалғаулы мекенді, мезгілді білдіретін сөздермен тіркесіп келіп, оның сынын, шегін, межесін аңдататын септеулік.

Қайырлы түн!

Жер Анам,

Көк аспанды жамыл да,

Таңға дейін дін аман,

Тәтті ұйқыда дамылда (1,295).